14.11.2016, 11:24
Оқылды: 28

Келелі мәселелер қозғалған конференция

%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d0%bb%d1%96-%d0%bc%d3%99%d1%81%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d2%9b%d0%be%d0%b7%d2%93%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%be%d0%bd%d1%84%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%bd  Бөкей Ордасы ауданына қарасты округтер мен мекемелердің бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттармен қатар партия, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, бизнес, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысымен аудандық аурухананың акт залында оздырылған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ХVІІІ конференциясының күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды.


  1. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің 2015-2016 жылдарда атқарған жұмысының есебі (баяндамашы – аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Н.Рахымжанов);

     2.Партияның аудандық филиалы саяси кеңесінің құрамын бекіту;

     3.Партияның облыстық конференциясына делегаттар сайлау.

  Алғашқы кезекте баяндамашы Нұрлан Сағынтайұлы «Нұр Отан» партиясы халықтың мұңын мұңдап, тілегін тыңдап, ұсыныс-пікірі мен талабын назарға алып келе жатқан елдегі басты және ең ірі саяси ұйым екенін айтып, 11 бастауыш партия ұйымына 1477 мүшені біріктіріп отырған филиалдың есепті мерзім ішінде атқарған жұмысына тоқталды. Есепті кезеңде 298 адам тұрақты, 60-ы әлеуметтік, 47 жас маман «Жастар практикасымен» жұмысқа орналасса, 27 адам кәсіптік оқуға жіберілген. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 26 кісі 50 миллион теңгенің несиесіне қол жеткізіп, өз ісін ашқан. Үстіміздегі жылы аудан орталығы – Сайқында 6 тұрғын үй пайдалануға берілсе, жаңадан тағы 10 баспана тұрғызылып жатқаны айтылды.

  Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша конференция делегаты Г.Бисекенованың кеңес құрамы 15 адамнан жасақталсын деген ұсынысы бірауыздан қабылданды. Мәслихат депутаты Б.Бектелеуованың ұсынысымен Н.Рахымжанов, Т.Арыстанбеков, Е.Таңатов, Ә.Ғаббас, Н.Омарова, И.Құрмашев, С.Садықов облыстық партконференцияға делегат болып сайланды.

А.ХАМЗИН

Бөкей Ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале