20.09.2016, 17:58
Оқылды: 41

Келіндер сайысынан жүлдемен...

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d1%80%d0%b0%d1%84%d1%85%d0%b0%d1%82%d0%b0-%d1%85%d0%b0%d0%bb%d0%b5%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b0-223-1Жуырда Отбасы күні мерекесіне орай облыстық қазақ драма театрында «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер сайысы оздырылды.


Аталмыш сайысқа ауданымыздың атынан Нұрмағамбетовтер әулетінің келіні Альбина Қуатова қатысып, %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d1%80%d0%b0%d1%84%d1%85%d0%b0%d1%82%d0%b0-%d1%85%d0%b0%d0%bb%d0%b5%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b0-372жүлделі ІІ орынға қол жеткізді.

Төрт кезеңді қамтыған келіндер сыны тартысты өтті.

Алғашқы кезеңде ұлттық киім киіп, өздерін қазақы дәстүрмен таныстырды.

Жас келіндер «Білгенге маржан» кезеңінде әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қатысты сауалдарға толымды жауап қайтара білді.

Аспаздық шеберліктерін көрсете білген келіндер қорытынды кезеңде сахнаға шығып, өнерлерін көрсетті.

Ауданымыздың абыройын қорғай барған Альбина өнер сайысында қайын сіңілісі Шынармен, қайын інісі Әділетпен «Келіншек» биін билеп берді.

Байқау қорытындысында ибалылығымен, өнерімен көзге түскен қаратөбелік келін Аьбина Ардаққызы жүлделі ІІ орынды иемденді.

 

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале