10.11.2016, 10:35
Оқылды: 29

Кеңес жұмысы тұрақты

%d0%ba%d0%b5%d2%a3%d0%b5%d1%81-%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%81%d1%8b-%d1%82%d2%b1%d1%80%d0%b0%d2%9b%d1%82%d1%8bШыңғырлау аудандық қоғамдық кеңестің Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 38-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы және аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының есебі тыңдалған  он жетінші отырысы  оздырылды. Кеңес жиынына «Батыс Қазақстан облысы  Азаматтық Альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі  Қадиша Мұқанова  қатысып отырды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы  Сағидолла Тұрғалиев баяндама жасап, аудан ауылшаруашылығы бөлімнің бас маманы Өміржан  Отарбаев хабарлама жасады.

Аталған тақырыптар  аудандық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің  төрағасы  С.Сәмиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші  орынбасары  С.Бәйтенованың қосқан ұсыныстары ескеріле отырылып, кеңес мүшелерімен  мақұлданды.

Жиын  соңында « БҚО- дағы қоғамдық мониторинг  жүйесін дамытудағы  Үкіметтік емес  ұйымдардың  қатысын ұлғайтуға  бағытталған  шаралар комплексін өткізу»  жобасының координаторы, әрі бақылаушы- эксперт Қадиша Халыққызы өз ойын білдіріп, қоғамдық кеңес жұмысымен танысқандығын, жұмысты саралай келе, оған оң баға беретіндігін де айтып өтті. Сонымен қоса, Заң жобасына әлі де өзгерістер енгізілетіндігі, сол себепті ұсыныстар болса,  оның бәрі де ескерілетіндігі де қаперге салынды.

Осы отырыста сөз алған кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаты  Галина Волкогон қоғамдық кеңестердің жұмыс ырғағының тиімділігін, әйтсе де тиімді жұмыс істеу үшін кейбір қажеттіліктер барлығы туралы да айтып, түсіндірді. Жиын соңында  сауалнамалар толтырылып, ұсыныс-пікірлер жинақталды.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале