11.10.2016, 16:28
Оқылды: 34

Колледждер арасындағы сайыс

%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d1%818 қазан күні Жалпақтал ауылының орталық саябақтағы шағын футбол алаңында Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған шағын футболдан колледж лигасының аймақтық жарысының ашылу салтанаты өтті.
Жарысқа Ақжайық, Тасқала, Бөкейорда, Тайпақ, Жаңақала, Жәнібек, Жалпақтал колледждері қатысты. Ашылу салтанатында Жалпақтал колледжінің директордың өндірістік оқу жөніндегі орынбасары Талғат Биғалиев сөз сөйлеп, футболшыларға сәттілік, төрешілерге әділдік тілеп, Ел Тәуелсіздігігің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар жарыстың бас төрешісі Аслан Алданов ойын ережесімен таныстырды. Тартысты өткен колледж лигасының аймақтық сайысында Жәнібек және Бөкейорда колледждері ІІ-ІІІ орындарды өзара бөлісті. Ал Жалпақтал колледжі І орын алып, қараша айында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар жәнібектік Рамиль Әскербеков «Үздік ойыншы» атанса, Жаңақала колледжінің сутденті Алтынбек Иманғазиев «Үздік шабуылшы», жалпақталдық Ернар Қайыржанов «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинациясына Бөкей орда колледжінің студенті Нұрбол Машутов ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, үздіктерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
                                                                                                                                                                                     Тұрарбек Ақмурзин

 Жалпақтал ауылы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале