11.11.2016, 12:22
Оқылды: 24

Кісіліктің кіші ордасы – отбасы

 %d0%ba%d1%96%d1%81%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba%d1%82%d1%96%d2%a3-%d0%ba%d1%96%d1%88%d1%96-%d0%be%d1%80%d0%b4%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d0%be%d1%82%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b  Отбасын кісіліктің кіші ордасы санаған дана халқымыз шаңырақтың шаттығы ерлі-зайыптылардың бірі-біріне деген түсіністігі мен сыйластықтан тұрады деп ұғындырған. Осы жайды насихаттау мақсатында әрі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Орда ауылдық мәдениет үйінде «Отбасым – өнегем» атты байқау өтті.


Айта кетелік, тақырыпқа сай шараны да ерлі-зайыпты Медет-Венера Мусиндер жүргізді. Солардың хабарлауымен ең алдымен сахнаға еліміз егемендік алған жылы шаңырақ көтеріп, күміс тойды Тәуелсіздіктің ширек ғасырымен қатар мерекелейтін жұптар шықты. Бүгінде  бала өсіріп, немере сүйіп, ынтымағы жарасқан жанұяларды Орда ауылдық округінің әкімі Медет Сисенов те құттықтап, Алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табыстады. «Тегін білу тектілік» (таныстыру кезеңі, презентация, слайд), «Мақал – сөздің мәйегі», «Орда – өнерлілер өлкесі», «Екі жарты бір  бүтін» (сұрақ-жауап, берілген тапсырманы орындау), «Отбасыммен бір күні» (отбасылық өмірден көрініс) атты кезеңдерден тұрған байқауға ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сисен Байзонов ағамыз бен оның зайыбы Жаңыл апа, және түрлі шараларға қатысып, ауылымыздың үлгілі отбасы атанып жүрген Асылболат-Рита Оңаевтар қазылық етті. Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен Ғимран-Аяулым Бердіғалиевтер «Ең үздік отбасы» атанса, Мират-Арай Қоржынбаевтар «Өнерлі отбасы», Мирхат-Жазира Капизовтар «Өнегелі отбасы», Әділет-Нұрлыгүл Қойшыбаевтар «Жарасымды жұп» номинациясын иеленді. Тәуелсіз еліміздің мәртебесін, жанұяның мерейін көтеріп, отбасылық құндылықты бағалауға үндейтін осындай тағылымды шаңырақтар қатары көбейе бергей.

А.БАЛАБАСОВА

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале