9.09.2016, 17:55
Оқылды: 27

Күзгі шақыру жұмыстары пысықталуда

Отанды қорғау ісі - қазақстандық әр азаматтың абыройлы борышы.

Қаратөбе аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім мамандарының мәліметіне сай бөлім қызметкерлері ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларына арналған  жұмыс жоспары негізінде  күзгі мерзімде әскерге шақырылатын жастардың нақты санын, олардың жағдайын білу, оқу орындарындағы әскери міндетті жастардың санын   анықтау бағытында ауданның барлық округтарын аралап зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Жақында әскери іске жауапты ауылдық  округтер  әкімдері аппараттарының бас мамандарының қатысуымен күзгі шақыруға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі талқыланған.

Сонымен қатар бөлімде қыркүйек айының үшінші онкүндігіне жоспарланған медициналық комиссияға байланысты жұмыстар пысықталуда.

                                                                                  Ерболат Райсов

                                                                                 Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале