10.10.2016, 11:29
Оқылды: 12

Күн тәртібінде – МӘМС

МӘМС (мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру) – халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік %d0%bc%d0%b5%d0%b4-%d1%81%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d1%80%d1%83қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Болашақта қолға алынатын бұл жүйе мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Осы жаңалықты тұрғындарға түсіндіру үшін жер-жерде штабтар, насихат-үгіт топтары құрылып, жұмыс істеуде. Аудан әкімшілігінің үйлестіру кеңесі жанынан да штаб (басшысы – аудан әкімі Н.С.Рахымжанов, орынбасары Л.Т.Қайырғалиева) жасақталды. Жұма күні өткен осы штабтың отырысында Лариса Тельманқызы МӘМС-тің бағдарламасы және атқарылар істің жоспарымен таныстырды. Аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ж.Еркеғалиев, аудандық аурухана директоры Ә.Ғаббас пікір білдіріп, өз салаларына қатысты мәліметтер берді.

Отырысты қорытындылаған аудан әкімі орынбасары жаңа жүйенің бұқараның сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, денсаулықтарын жақсартуға, өмірін ұзартуға септігін тигізетінін атап көрсетті.

К.ҒАЙСИН

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале