14.10.2016, 17:12
Оқылды: 19

Күре жолдың бойындағы кездесу

%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%b5-%d0%b6%d0%be%d0%bb«Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалы ішкі істер бөлімімен бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева, консультанттар Біржан Кухаев, Дана Алхамбетова Орал-Атырау тас жолы бойында көлік жүргізушілерімен сұхбаттасып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.  Айталық, Чапаев тұсыда дидарласқан 12 көлік жүргізушісі жол полициясы қызметіне көңілдері толатынын айтты.

  • Менің көлік тізгінінде отырғаныма 33 жылдан асты. Жолаушылар тасымалымен айналысамын. Жол полициясына ешқандай өкпем жоқ. Өзің ереже бұзбасаң, ешкім қараптан-қарап тиіспейді ғой, - дейді Жаңақала ауданының тұрғыны Нұрлан Есенов.

Шара барысында жол қауіпсіздігі саласында құқықбұзушылықтың алдын алу, жүргізушілердің жауапкершілігі сөз болды. Сондай-ақ, азаматтарға «Жол қозғалысы туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылып, құқықтық кеңестер берілді.

Болат Қосжанұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале