19.09.2016, 10:47
Оқылды: 16

Кәсібін кеңейтуді қолға алмақ

????????????????????????????????????

    Жәнібек ауылының тұрғыны Нұрбол Бектілеуов «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша биыл шілде айында 2 миллион теңге несие алды. Жиырма жастағы жас жігіт алған несиеге автокөлік жуу және автокөліктің дөңгелегін жөндеу кәсібін ашып, өзіне де, өзгеге де тиімді істі бастап кетті.


   Кәсібін жандандыру мақсатында мекенжайының ауласынан «Жанәлі» жеке кәсіпкерлігін ашып, автокөліктерін жуып-тазалауға келген жүргізушілерге қызмет көрсетуде. Ағасы Нартаймен бірге бұл жұмысты тәулік бойы атқарады.  Ағасы демекші, Нартай інісінің кәсібі алға басуын көздеп, оған көмектесу мақсатымен шекарада атқаратын қызметінен өз еркімен босаған. Қазір інісі екеуі тіршілік әрекетін жасап, күніне шамамен 5 жеңіл автокөлік жууда. Сонымен қатар ағайынды жігіттер биыл жаз бойы тұрғындардың палас, кілем сияқты үй жиһаздарын жуумен де шұғылданды. Жағдайы жоқ тұрғындардың үйлеріне барып, төсеніштерін өздері алып келіп қызмет көрсетті.

     -Алдағы уақытта автокөлік жуу мен дөңгелегін жөндеу орнын кеңейтіп, тағы бір қосымша блок саламыз. Дөңгелек жөндеуге қажетті құрал-жабдықтарды Волгоград қаласынан сатып алдым. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының тиімділігі мол. Еңбек етіп, тұрмысын түзегісі келген жанға бұл бағдарлама айтарлықтай көмектеседі,-дейді пайдалы кәсіпті қолға алған Нұрбол.

                                                                                      Н.Жапақов

                                                                                      Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале