14.07.2016, 9:46
Оқылды: 16

Кәсіпкерлер дәріс алды

????????????????????????????????????

Батыс Қазақстан ұлттық палатасы Жәнібек аудандық филиалының ұйытқы болуымен  аудан орталығында «Бизнес кеңесші» бағдарламасы бойынша екі күндік тегін оқыту оздырылып, оған кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының жетекшілері және жеке тұлғалар қатысты.


Жиында БҚО аймақтық кәсіпкерлік палатасының бизнес-тренері Сандуғаш Исимова кәсіпкерлік жедел курсы бойынша семинар-тренинг жүргізіп, өз кәсібін ашқан және алдағы уақытта ашуға ниет етушілерге арналған дәріс өткізді.

Екі күндік тегін оқытудан кейін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес  несие алуға жеңілдіктер жасау мақсатында оқуға қатысқандарға  сертификаттар  табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

                                                                           Н.Жапақов

                                                                           Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале