23.11.2016, 11:21
Оқылды: 28

Кәсіпкерлер форумы

 %d0%ba%d3%99%d1%81%d1%96%d0%bf%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc%d1%8b         Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында Тасқала ауданы кәсіпкерлерінің І форумы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, БҚО кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Б.Ибраимов аудан прокуроры А.Ақпанов және аудан кәсіпкерлері қатысты.

Форумға қатысушылар алдымен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, өз кәсіптерін жандандырып отырған кәсіпкерлердің қойған өнімдерін тамашалады.

Мұнан соң форум дөңгелек үстелмен жалғасты. Форумда алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары «Сіздерді алдымен  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.Осы ширек ғасыр уақыт аралығында еліміз бірқатар биік асулардан өтті. Бәсекеге қабілетті экономикасын қалыптастырып дамыған 50 елдің қатарына қосылды. Бизнес дамуының алғы шарттарын қалыптастырдық. Бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы  - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  қабылданып, кәсіпкерлер палатасы құрылды. Сондай-ақ кәсіпкерлер кодекс қабылданды. Бүгінгі форум ауданымызда алғаш рет өткізіліп отыр. Форумның негізгі мақсаты – ауданымызда кәсіпкерлікті дамытуға бастама жасау,  кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасу болып табылады. Қазіргі таңда ауданымызда кәсіпкерлік саласы біртіңдеп дамып келеді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы екі жылда кәсіпкерлер  56 млн. теңге көлемінде несие алып, жаңа кәсіп орындарын ашты. Бұл кәсіпкерлікке деген қызығушылықтың артып келе жатқаны» , - деді Люция Жұбанышқалиева

Ізінше мінбеге көтерілген Бақдәулет Ибраимов бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынын көптеген қолдаудын барын айтты. 2010 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын одан әрі жандандыру мақсатында былтырғы жылы өңірімізге 1,9 млрд. биылғы жылы 2,2 млрд. Теңге бөлінген. Аталған бағдарлама үшбағыт бойынша жұмыс жасайды. Бірінші бағыты: Екінші деңгейлі банктен несие алатын болса, мемлекет  сол несиенің  пайыздық мөлшерін субсидиялауға көмектеседі. Егер қандайда бір адамның ашқан кәсібі қалада болса 19 пайыздың 7 пайызын және ауданда орналасса 19 пайыздың 10 пайызын мемлекет субсидиялайтынын соның арқасында кәсіпкер банктен 9 пайызбен ғана несие алатынын бұл дегеніміз мемлекет тарапынан көрсетілетін ұлкен көмек екенін жеткізді.

Бағдарламаның екінші бағыты: Ол өз кәсібін ашқысы келетін адамның несие алғанда артында қоятын кепілдігі жетіспесе мемлекет тарапынан қолдау бар. Яғни алатын несиенің 85 пайызына дейін мемлекет кепілдік береді. Ол үшін алатын несиенің 15 пайызын жылжымалы мүлікпен немесе депозитпен салатын болса осындай қолдауға ие болады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бұндай жеңілдіктің арқасында бірқатар жобалар жүзеге асырылып келе жатырған көрінеді.

Үшінші бағыты: Жетіспейтін индустриалдық-инфрақұрылымдарды жеткізу болып табылады. Несие алуға шамасы келмейтін немесе артында қоятын кепілдік болмаса мемлекет тарапынан 3 миллионға дейін иновациялық грант беріледі. Яғни шағын бизнес ашуға ниеттеген адам мемлекет тарапынан берілген осындай жеңілдікке ие бола алады. Бүгінде ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында көптеген шектеулер алынып тасталынып жатыр. Осы үшінші бағытын одан әрі жандандыру үшін биылғы жылы республикадан 10 миллион теңге қаражат бөлінгендігін айтып өтті.

Сонымен қатар форум барысында аудандық кісіпкерлер бөлімінің басшысы Т.Нарушев, кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры А.Жұртабаев, кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жамансариев осы уақыт аралығына дейін атқарылған жұмыстарын баяндап берді.

Форум соңында аудан кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Есенжол Сансызбайұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале