18.11.2016, 12:24
Оқылды: 18

Кәсіпкерлер үшін оқу курсы

%d0%ba%d3%99%d1%81%d1%96%d0%bf%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d2%af%d1%88%d1%96%d0%bd-%d0%be%d2%9b%d1%83-%d0%ba%d1%83%d1%80%d1%81%d1%8b  Қаратөбе ауданында БҚО Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша Кәсіпкерлік негіздерінен оқу курсы өтті.

Оқуды БҚО Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері Динара Сүйншқалиева және Зульфия Бадиева жүргізді. Оқу курсына «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасымен несие алған жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар барлығы 22 тыңдаушы қатысты. Оқу курсына қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.


- Жеке бизнесіңізді алғаш рет ашып отырсаңыз, кәсіпкерлік негіздерінен оқу курсы сізге сервистік кеңестік қызметті, атап айтқанда бухгалтерлік, заңдық, маркетингтік қызметтер бойынша кеңестік көмекті ұсынады. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуда сондай-ақ бизнес жоспарлауды әзірлеуге көмек кіреді,- дейді Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесші-менеджері Асхат Тойшыбаев.


Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале