1.08.2016, 18:14
Оқылды: 31

Кәсіпкерлер үшін семинар ұйымдастырылды

Қаратөбе ауданында кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті адамдар саны артуда.


Оған Қаратөбе аудандық мәслихатының залында аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовтың төрағалық етуімен өткен «Ауыл кәсіпкерлігін дамыту» атты семинар-отырыс негіз бола алады.Кәсіпкерлер үшін семинар ұйымдастырылды

Семинарға облыстық кәсіпкерлік басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы жетекшілері қатысты.

Семинар негізінен ауданымызда кәсіпкерлікті даму мәселелерін талқылау, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларын түсіндіру, туындаған мәселелерді шешу жолдарын ұсынуға бағытталды.

Семинар барысында БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының сауда және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бақдәулет Ибраимов, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының менеджері Алтынбек Шайдуллин, «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жетекші менеджері Нұрбол Алтаев сөз сөйлеп, кәсіпкерлік саласының дамуы туралы айта келіп, қазіргі уақытта  көптеген мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып жұмыстанып,  кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жандарға мүмкіндіктің молынан екендіктерін айтты.Кәсіпкерлер үшін семинар

Семинар-отырыста аудандағы кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар сөз болды.

  • Аудан бойынша 2016 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны – 633 (заңды тұлға – 48, шаруа қожалықтары – 242, жеке кәсіпкерлер 343), жұмыс жасайтыны – 560 (заңды тұлға – 40, шаруа қожалықтары – 210, жеке кәсіпкер – 310) тіркелгендердің 88,5 % құрайды, жұмыс жасайтын адамдар саны – 1002 адам, - деді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов.

Одан соң БҚО кәсіпкерлер палатасы Қаратөбе ауданындағы филиалының директоры Рысты Тойшыбаева, Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Асыланбек Бисембай сөз сөйледі.

Семинар-кеңесте жеке кәсіпкерлер сұрақтар қойып, кездесетін кедергілер туралы да айтып өтті.

Бұл ретте кәсіпкерлердің алдында кездесетін кедергілердің бастысы бағдарламалар арқылы несие алудың қиындығы, екінші деңгейлі банктердің кепіл мүлікті алу талабында болып отырғандығы.Кәсіпкерлер үшін

Бизнес-жоспардың банктер тарабынан қабылданбауы кәсіпкерлерге үлкен кедергі болып отыр. Кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдаған тиісті бөлім мамандары оларды шешудің жолдарын қарастырып, қажетті көмектер көрсететіндерін жеткізді. Семинарға қатысушылар басқа да сұрақтарға жауаптар алды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале