18.11.2016, 12:26
Оқылды: 27

Кәсіпкерлікке көп көңіл бөлінбек

????????????????????????????????????

  Қаратөбе ауданында аудандағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ықпал ету, пайда болған әкімшілік кедергілерді жою және бизнесті жүргізуге жағдайлар жасап, аудандағы бизнес ортаның әрі қарай дамуын ынталандыру мақсатында кәсіпкерлердің қоғамдық кеңесі өтті.

Кеңеске аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев төрағалық етті.


Күн тәртібінде Қаратөбе ауданының бас жоспарындағы кәсіпкерлік мақсатта белгіленген жерлермен таныстыру және жаңа құрылыс ғимаратын жүргізу заңдылықтары жайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы Райжан Сафина жоспар бойынша белгіленген жер телімдері бойынша кеңес берді.

Кәсіпкерлік мақсатта жер алу заңдылықтары жөнінде аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлзира Мағзомова баяндама жасады.

БҚО «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» департаменті Қаратөбе аудандық бөлімшесінің басшысы Айдарбек Семенов кәсіпкерлердің жер теліміне мемлекеттік актілерді алу кезінде  кедергілерді жою мен алдын алу шаралары туралы кеңінен тоқталды.

Техникалық құжат алудың тәртібі жөнінде жылжымайтын мүлік орталығының маманы Бақытжан Беркінов қысқаша түсінік берді.

- Бүгінгі таңда кәсіп ашамын деген адамға барлық жағдай жасалған, мүмкіндік мол. Бастысы, заманға сай құрылыс жұмысын жүргізе білсе болғаны, - дейді жиынды қорытындылаған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Нәсіпқалиұлы.

Жиын соңында ауылдық округ әкімдері мен кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, сала мамандары жауап қайтарды.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале