3.11.2016, 13:05
Оқылды: 22

Кәсіпкерлікті дамыту - заман талабы

????????????????????????????????????

 Қаратөбе ауданында  Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршиннің қатысуымен алқалы жиын оздырылды.

      Жиналыстың күн тәртібіне сай Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданындағы филиалының директоры Рысты Тойшыбаеваның сала бойынша 9 ай ішінде атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.


     Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағытындағы палата қызметінің басым 6 бағыты бойынша қысқаша баяндап өткен Нұрлан Серікұлы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында облыс аумағында атқарылып жатырған жұмыстар мен қолға алынған ірі жобалар туралы әңгімеледі.

     Жиналысты аудан әкімі Асхат Шахаров жүргізді. Аудан басшысы кәсіпкерліктен түсетін салық түсіміне сай облыстағы көрсеткіш бойынша ауданымыздың соңғы орындардан көрінгенін тілге тиек етіп, бұл өзекті мәселеге айырықша назар аудару қажеттігін алға тартты.

   Кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілетті болуы, өндірісті іске асыру мәселесі кеңінен айтылды.

Қазіргі таңда ауданда  өнім өндіріп, оны саттыққа шығаратын тауар өндірушілер кемде-кем.

    Сала басшысы Р.Тойшыбаеваның айтуынша, аудан бойынша 2016 жылдың 1 қазанына 587 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны 494, барлық тіркелгендердің 84%  құрайды. 235  ШҚ – жұмыс жасап тұрғандардың 47% құрайды.   Шағын кәсіпкерлік саласында 1014 адам жұмыспен қамтылған.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  жұмыс жасайтындар саны 3%-ға, өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 81% өскен.

  Аудан бойынша 8 шағын өңдеу  цехтары жұмыс жасайды, оның 4-уі тамақ өнімдерін, 4-уі басқа өнімдерді өндіреді. Оларда 21 адам жұмыспен қамтылған.   Аудан көлемінде 3 жоба іске асырылмақ. Олар «Қоржын» шаруа қожалығы «мал сою алаңы», «Тлеу» ЖК газ құю станциясын салу, «Феруза»  ЖК Орал-Ақтөбе жолы бойында автокемпинг салу.

    Жиналыс барысында аудан орталығындағы «ДЕМ» сусын цехының жетекшісі Сержан Ашығалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов, Аққозы ауылдық округіндегі «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқанов өздерінің көкейінде жүрген ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

                                                                                  Ерболат Райсов

                                                                                   Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале