16.11.2016, 16:57
Оқылды: 36

Кәсіпкерлік палатасы бизнесті қолдайды

%d0%ba%d3%99%d1%81%d1%96%d0%bf%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d1%96%d0%ba-%d0%bf%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%82%d0%b0%d1%81%d1%8b1 Кәсіпкерлік палатасының мақсаты  -  аймақтарда  кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру және  кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ бизнестің жүйелі жүргізілуі үшін кәсіпкерлерді заңнамалық және өзге де нормативтік ережелердің қалыптасу процесіне кеңінен қатысуына жағдай жасау болып табылады. Осы орайда 16 қараша күні Қазталов аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайршиннің төрағалық етуімен Қазталов аудандық кәсіпкерлік палатасының есепті жиналысы өтті.%d0%ba%d3%99%d1%81%d1%96%d0%bf%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d1%96%d0%ba-%d0%bf%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%82%d0%b0%d1%81%d1%8b2

Жиналыста аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,-ауданымызда кәсіпкерлік саланың дамытуда атқарылып жатырған жұмыстары туралы айтып өтті.

Сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал директоры Аманжол Нығметов,-палатаның тоғыз айда атқарған жұмысынан есеп берді.

Бұл мәселе жөнінде кәсіпкерлік палатасы филиалы аудандық кеңесінің төрағасы Сисенғали Нығметов, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Рамиля Сұпығалиева пікірлерін білдіріп, атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Жиынға қатысқандар өздерін  толғандырып жүрген сұрақтар төңірегінде жауаптар алды.

Әсем Болат

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале