23.11.2016, 11:16
Оқылды: 46

Кәсіпкерлік өркендеуі – өмірдің түлеуі

%d0%ba%d3%99%d1%81%d1%96%d0%bf%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d1%96%d0%ba-%d3%a9%d1%80%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%83%d1%96-%d3%a9%d0%bc%d1%96%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d1%82%d2%af%d0%bb%d0%b5Ақжайық ауданында мерекелі жыл кәсіпкерліктегі ілгері қадамдармен айшықталуда. Жыл басынан бергі жаңадан 88 жеке кәсіпкер, 49 шаруа қожалығы кірістер басқармасына тіркеліп, жұмыстарын бастады. Барлық 1721 субъектінің 129-ы заңды тұлға, 841-і жеке кәсіпкер, ал 751-і шаруа қожалықтар болып табылады. Сала бойынша биыл 10 айдың қорытындысымен 4 млрд. 818 млн. теңгенің өнімі өндірілді және қызметі көрсетілді, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артты.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы негізгі бағыттардың бірі несиемен қамту болса, биыл 30 сондай субъектіге несие беру ұйымдары арқылы 543 млн. 250 мың теңге бөлінді, соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 3 жоба – 39,0 млн. теңге, ауыл шаруашылығы бағытына арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша 25 шаруа қожалығы 317 млн. 280 мың теңге қаржы алды.

Өткен 2015 жылы ауданда кәсіпкерлік 14 нысан өз жұмыстарын бастаған болса, биылғы жылы 17 нысанның іске қосылуы аудандық кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес жоспарланған еді. Бүгінгі мерзімге шағыны бар, үлкені бар, 14 нысан ашылды.

Осы ашылған нысандарды сараласақ, биылғы жылдың ең ірі жобасы, Батыс Қазақстан облысының 2015-2019 жылдарға арналған өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілген құны 425 млн. теңге, қуаттылығы тәулігіне 50 бас ірі қара мал етін өндіретін кешен болса, 5 шағын цех (жүн түту, кондитерлік, токарьлік, машина жөндеу, балық өсіру), 1 газ құю бекеті, 1 мейрамхана, 1 дәмхана, 1 жылыжай және 4 дүкен. 6 пайыздық сыйақысы бар «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған «Батыс Нық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорнының құрылысын аяқтау 150, 0 млн. теңге көлемінде несиеленді.

Жылдың аяғына дейін 6 нысан ашылады деп күтілуде.

Келер жылға да жоспары қомақты деп айтуға негіз бар. Өйткені, оралдық инвесторымыз «Меридиан Орал» ЖШС құны 100 млн. теңгені құрайтын, саны 20 мың бас құс өсіретін құс фермасын ашу мақсатында Чапаев ауылынан көлемі 1,9 гектар жер учаскесін өтеулі мерзімге рәсімдеп алып, құрылыс жұмыстарын бастауды көздеп отыр. Сондай-ақ жанар-жағармай құю кешені, өндірістік жылыжай, сүт өңдейтін цех құрылыстары басталмақ.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале