15.08.2016, 17:05
Оқылды: 17

Кәсіпкер өнімі жәрмеңкені қыздыруда

Astyk-Un            Шыңғырлау ауданында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды. Тамыздың 10-нан қазан айының 1-не дейін жалғасатын жәрмеңкеде аудан кәсіпкерлері, жеке қосалқы шаруашылық иелері, қарапайым жеке тұрғындар өз ауласы немесе алқабынан өндірген көкөнісін, бау-бақша өнімдері мен астығын, арпа-бидайын арзандатылған бағамен аудан халқына ұсынады. Жәрмеңкеде сондай-ақ, мал азығынан пішен, мал өнімдерінен ет, сүт өнімдері ұсынылып жатыр.

irimshik«Ақсұғым» ШҚ-ғы (жетекшісі Қанат Усманғалиев)  бір машина тіркемесімен шөпті  бір тайын (рулон) 2200 теңгеден, «Ақтау» ШҚ (жетекшісі Берік Матаев) арпасының бір қабын 2000 теңгеге ұсынса, «Мусина» ШҚ-ғы «Линевка қарбыздарын», «Соковых» ЖК-гі «Сегізсай қарбыздарын», Лубен ауылдық округінен «Мезинов» ШҚ картоп, баклажан, бұрыш, патиссон мен кәді, қызылша мен қарбыздарын сөреге қойды. Ақсұғым ауылының тұрғыны Әмина Көлжанова жеке шаруашылығынан сүт өнімдері, құрт майын саудаға шығарып, Алмаз ауылдық округінің кәсіпкерлері қой етін саудаға салды. Дихан мен шаруаның маңдай тері-ауылшаруашылық өнімдері әр аптаның сенбі күні жәрмеңке сөресіне шығарылып тұратын болады.

              Қолжетімді баға көңілдерін бірлеп, жергілікті өнімге разы халық сауданы қыздыруда.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале