20.07.2016, 17:32
Оқылды: 42

Кәсіподақ - жұмысшы мүддесін қорғайды

кәсіподақ20 шілде күні Чапаевта кәсіподақ ұйымының жұмысын жетілдіруге арналған жиылыс өтті. Оған  аудан әкімі Әділ Жоламанов, мекеме, ұйым жетекшілері, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, аудандағы кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысты. Шарада сөз алған «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ербол Салықов облыс көлеміндегі кәсіподақ ұйымдарының жаңа заманға сай жұмыстарына тоқталып, бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша олардың міндеттерін саралады.

кәсіподақ1-Біздің ісімізге 2014 жылғы 27 маусымда қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа заң тың серпіліс берді. Жаңа заңға сәйкес, кадрлық, құрылымдық және жүйелік түбегейлі өзгерістер болды. Кәсіподақтардың қызметі реттеліп, оған жұмысшы мүддесін қорғауға өкілдік берілді. Заң тәуелсіз еліміздегі кәсіподақ ұйымының мәртебесін көтере отырып, еңбек адамының құқықтарын бұзуға жол бермеуді көздейді, - деді ол.

Қазақстан Республикасының жаңа «Еңбек кодексі» туралы БҚО кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары, бас маман Қайырғали Серікқалиев хабарлама жасаса, аудан әкімі аппаратының басшысы Серікқали Бақманов, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ БҚО филиалының төрағасы Төлеген Мерғалиев өз ойларын ортаға салды.

Жиында «БҚО кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Ақжайық ауданы әкімдігі арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Шара соңында аудандағы кәсіподақ саласында белсенді қызмет атқарып жүрген кәсіподақ ұйымының төрағалары мен мүшелеріне Алғыс хат табысталды.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале