20.07.2016, 12:18
Оқылды: 23

Кәсіпорынның тынысы қалыпты

Кәсіпорынның тынысы қалыптыТеректі ауданы әкімі М.Мұқаев, аудан әкімінің орынбасарлары С.Нұрмағанбетов, Л.Уалиев және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандары «Жайық астық сақтау кәсіпорны» ЖШС-інде болды.

Аудан басшысы тынысы қалыпты серіктестіктің бүгінгі таңдағы ахуалын көзбен көрді. 1936 жылы негізі қаланған  кәсіпорынның сыйымдылығы 45 мың тонна екен. Арнайы жасақталған зертханада сақтауға әкелінген дәнді-дақылдар тексеріліп, қоймаларға жөнелтіледі. Аталмыш кәсіпорын 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Кәсіпорынның тынысы қалыпты3Егіннің бітік шығуына байланысты биыл жұмысқа тартылатын жандардың саны 35-ке дейін өседі деп күтілуде. Жұмысшылар 2 ауысымда қызметтерін атқарып, сақтауда тұрған дақылдардың сапасының қалыпты деңгейде болуын назарда ұстайды.  Кәсіпорын директоры Кенжебек Ғаббасұлының айтуынша, бір кездері «құлап-тұрып», одан қайта жанданған қойманың болашағы ауа-райы мен диқандардың еңбегіне тікелей байланысты. Қоймада сақталған дақылдар сатушы мен сатып алушының арнайы рәсімделген келісімі бойынша вагондарға тиеліп, Иран, Өзбекстан, Әзірбайжан секілді  мемлекеттерге жөнелтілетін жағдайлар да болып тұрады екен.

Кәсіпорынның тынысы қалыпты1Аудан әкімі Мұрат Рахметұлы кәсіпорын аумағын түгелдей аралап, жұмысшылармен тілдесті. Сонымен бірге қоймаға өнімдерін сақтау үшін шаруалар қанша қаржы төлейтінін анықтады. Ауданымыздағы шаруа қожалықтары өнімдерін Жайық ауылындағы кәсіпорында сақтауын қадағалау керектігін атап өтті.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале