14.09.2016, 10:56
Оқылды: 26

Көп балалы отбасына көмектесті

%d0%ba%d3%a9%d0%bf-%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bb%d1%8b-%d0%be%d1%82%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b0-%d0%ba%d3%a9%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%81%d1%82%d1%96Шыңғырлау ауданында «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы,  «Отбасын қолдау аптасы» республикалық акциясы аясында «Жылы жүрек- жомарт қол» атты қайырымдылық шарасы  өтті. Мақсаты көп балалы және тұрмысы төмен  отбасынан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек пен қолдау көрсетуге арналған шара барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова, «Шыңғырлау жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы  Э.Хабдулов  көп балалы Ойратовтар отбасына ат басын тіреді. Акцияға демеушілік көрсеткен «Шыңғырлау жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы көп балалы отбасына азық-түлік, тәттілер тарту етіп, төрағаның бірінші орынбасары С.Байтенова балаларға жаңа оқу жылында сəттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

«Балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз»,- деді көп баланың әкесі, Ж.Ойратов.

 

Алина Шандатова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале