7.11.2016, 10:44
Оқылды: 11

Көп ішінен қола медаль

%d0%ba%d3%a9%d0%bf-%d1%96%d1%88%d1%96%d0%bd%d0%b5%d0%bd-%d2%9b%d0%be%d0%bb%d0%b0-%d0%bc%d0%b5%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d1%8c  Орал қаласының Әйтиев атындағы спортзалында грек-рим күресінен республикалық деңгейдегі жарыс өтті. Жарыста еліміздің барлық өңірлерінен 1997-1999 жылы туылған жас палуандар күреске түсіп, бақтарын сынаған еді.

  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ҚР-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы Мұрат Сүндетұлы Жұмашевты еске алуға арналған айтулы белдесуде шыңғырлаулық команда құрамындағы Нұрсұлтан Тағаниязов турнирдің ІІІ орынын жеңіп алды. Жерлесіміз осы жеңісімен жарыстың дипломы мен қола медалін жеңіп алып, спорт шеберлігіне үміткер атағын да иемденгелі отыр.


  Нұрсұлтан Қайыржанұлы жоғары оқу орнын бітірген соң «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы бойынша туған жері-Шыңғырлау өңіріне жұмысқа келіп, жуырда ашылған «Болашақ» балабақша-бөбекжайында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет жасайды. Сондай-ақ, аудандық БЖСМ –де грек-рим күресінен жаттықтырушы.

   Осылайша «талабы тай жегендей» тастүлек палуан өз жерлестерін жеңісімен қуантуда.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале