26.07.2016, 9:11
Оқылды: 36

Көршілер келіп концерт қойды

домбыра         Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округі мен Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Жамбыл ауылдық округі көршілес болып табылады.


Шаруа қамындағы байланыс ешқашан үзілген емес. Мал шаруашылығын өркендетуге қатысты екі жақ бір-бірімен тәжірибе алмасып тұрады. Ал кеше жамбылдықтар мәдени байланыстың алғашқы «кірпішін» қалады. 90 километр жерден келіп Сарытоғайда концерт қойған олардың мәдениет қызметкерлеріне халық қошеметпен қол соқты. Сарытоғай әкімінің бас маманы Гүлмира Бейбітқызы керемет кеш үшін көршілерге  өз ауылдастары атынан зор ризашылық арнады.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале