17.10.2016, 16:06
Оқылды: 22

Көшбасшы партия көпке жетекші

%d0%ba%d3%a9%d1%88%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%88%d1%8b-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8fШыңғырлау ауданының қоғам тынысының  әртүрлі салаларында ел тыныштығын қорғау, тарихын тану, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлық, ізгі іске қолдау, мемлекет мүддесі мен халық қалауын үндестіре қозғайтын бірқатар мәдени-көпшілік, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар, әртүрлі әлеуметтік топтармен жұмыс аясындағы ізгі шаралар өткізіліп келеді. Мұндай шараларға бастамашы болып, ұйымдастырушылар қатарында қашанда аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы тұр. Мақсат-мүддесі халықпен бірге, мұраты мемлекет құрылымының біртұтастығы мен Елбасы саясатын халық арасында насихаттау, жүзеге асыру болып табылатын көшбасшы партияның негізгі 9 жобасы аясындағы іс-шаралар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында лайықты тарту болып отыр.

«Бақытты балалық шақ», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Жастар-Отанға!», «Айқын тариф», «Сәтті қадам», «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту», «Ұлы дала елі», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобалары халық мүддесімен үндескен қадамдар екенін атқарылған жұмыстар мен нақты нәтижелер дәлелдеуде.

Осындай игі істер қатарында қолға алынған жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың көрінісі және оның пайда болуы тұрғысында түсінік беру, әңгімелесу, басқосулар да өз өзектілігімен ерекшеленуде. Жастар қоғамда кездесіп қалып отыратын кез-келген осындай фактілер тұрғысында сұрақтар қойып, нақты жауаптар алады. Міне, осындай шараның бірі «Сыбайлас жемқорлықсыз ел - өркендеуші ел» тақырыбымен аудан колледжінің студенттерімен өткізілді. Кездесуде аудан орталығының «Привокзал» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлайым Тұрланова баяндама жасап, елдегі тұрақтылық, ұлттар арасындағы ынтымақ, бірлік сынды біртұтастық тетіктердің маңызы, әрбір жасқа қажетті ізденіс, білімге деген құштарлық, Отанды көркейту, өркендетуге деген перзенттік парыз тұрғысында айтып өтіп, қоғамда кездесіп отырған парақорлық, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің елеусіз қалмауы, қоғамға сіңісті болып кетпеуі тұрғысында тағлымды пікірімен таныстырып, түсіндіре кетті. Баяндама мағлұматын колледж ұстаздары өз пікірлерімен толықтырып, мұндай келеңсіздіктің, кесірлі қылықтардың жолын кесу қажеттігі, жастар бойында аталмыш кеселді көріністерге «мүлдем төзбеушілік» тәрбиесін қалыптастыру қажеттігі, сондай-ақ, бұл бағыттағы аудан тынысы үнемі партия бақылауында болатындығына тоқталған партия филиалының төраға орынбасары Светлана Бәйтенова басқосуды түйіндеді.

Ізгі істерге үндеген шара әрбір жастың көкірегінде елге деген мақтаныш және сол елге қорған болу, ел ісінде белсенділік таныту керек деген оңды пікір қалдырды.

 

 

Қаршыға Елемесов

www.zhaikpress.kz   

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале