13.09.2016, 12:18
Оқылды: 14

Майдангердің мерейтойы

%d0%bc%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d0%b5%d1%80Ұлы Отан соғысына қатысушы, Чапаев ауылының тұрғыны Александр Акутин өзінің 90 жасын қарсылады. Жеңіс сарбазын осы мерейтойымен аудан әкімі Әділ Жоламанов оның шаңырағына барып құттықтап, балалары мен немерелерінің ортасында қашанғыдай, бақытты ғұмыр кешуін тіледі, естелік сыйлықтар тапсырды.

Мерейгермен емен-жарқын әңгіме болды. Ол соғыс жылдарындағы халық қаһармандығы, мызғымас достық, бейбіт  кезеңдегі жанкешті еңбек туралы айтты. Александр Михайлович соғыстан кейін автокөлік жүргізушісі болып, зейнеткерлікке дейін еңбек етті. Ол үлкен отбасының иесі, алты  баланың әкесі болып табылады.

Осы күні майдангерді 90 жастың төріне шығуымен қорғаныс істері жөніндегі бөлім, Чапаев ардагерлер кеңесі, жұртшылық өкілдері құттықтады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале