21.07.2016, 17:08
Оқылды: 52

Мал басын көбейтуге қаржы бөлінбек

мал басыҚаратөбе ауданында шаруалар асыл тұқымды малдан сапалы өнім алып, мол табысқа да кенелетіндігін түсіне бастады. Соның бір дәлелі, ауданда өткен жылы 53 шаруашылық болса, биылғы жылы асыл тұқымдық жұмыстар бойынша 85 шаруашылық малдарын тіркеп, 57 шаруашылық 111 бас асыл тұқымды аталық бұқаны сатып алып отыр. Ал, «Аманбол» шаруа қожалығы 90 бас, «Ақбаз» шаруа қожалығы 60 бас қазақтың ақбас тұқымды қашарларын сатып алды.

Биылғы жылдан бастап малдарды ақпараттық талдау жүйесіне тіркеу үшін төлем белгіленгендігін, басқа да инвестициялық субсидияларға енген өзгерістер, қайтарымсыз демеу қаржы (субсидия) алу үшін қойылатын талаптарды халыққа жеткізу мақсатында аудандық жұмысшы тобы ауылдық округтерге, елді мекендерге барып, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен, жеке кәсіпкерлермен кездесіп, түсінік жұмыстары жүргізілді.

-Болашақта аудан бойынша еті «мәрмәр» деп таңданатын қазақтың ақбас сиырының да, басқа да асыл тұқымды түлік атаулының саны көбейетін болмақ, - дейді аудандық аумақтық инспекциясының инспекторы Рафих Сенғалиев.

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале