2.09.2016, 16:03
Оқылды: 19

Мал бордақылау жайы сөз болды

шугылаЖәнібек ауданындағы «Әлем» шаруа қожалығының базасында Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының ұйытқы болуымен «Мал бордақылау алаңында қызмет көрсету» тақырыбында семинар өткізіліп, оған ауылдық округтердегі шаруа қожалықтарының жетекшілері мен мүшелері қатысты. Семинарда негізінен аудан бойынша  базалық шаруашылық болып саналатын «Әлем» ШҚ –дағы мал бордақылау жайы сөз болды. Бас қосуда, сондай-ақ аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Абзал Қаратаев бордақылау алаңын ұйымдастыру, оның ерекшеліктері, карантиндік шаралар жөнінде слайд арқылы бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді. Семинар барысында шаруа қожалықтары жетекшілерінің тарапынан туындаған сауалдарға жауап қайтарылды.

                                                                                   Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале