15.11.2016, 14:12
Оқылды: 11

Мал ұрлығы бәсеңсімей тұр

IF

Зеленов ауданы Дариян ауылы орталығындағы мекеме, ұйым  басшылары және аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагуловтың қатысуларымен аудандық  прокуратураның  аға прокуроры  С.Молдашевтың жетекшілігімен жиын өтті.

Жиын басында сөз алған С. Молдашев нәпақасын малдан тауып отырған тұрғындардан көптеп түсетін мал ұрлығының ашылмай жатқандығы жайында сөз қозғады. Оның айтуынша осы ұрлықтың алдын алу мақсатында іске асырылып жатырған шаралар өз нәтижесін бермей жатырған көрінеді. Бұндай ұрлықтың көбейюінің бірден-бір себебі кейбір қызметкерлер мен мал иелерінің салғырттығынан екен.

Сондай-ақ кей кездерде мал ұстаушылар да заңды бұзып жататын көрінеді. Көбіне қорасындағысын пұлдауға апаратын азаматтар малдарын ветеринарлық инспектордың қадағалауынсыз тасымалдайды екен. Бұның барлығы жай заң бұзушылық қана емес, түрлі ауруларды да туындатуы мүмкін екендігін де ескерткен аға прокурор ауыл азаматтары қойған сұрақтарға жауап берді.

Гүлжан Аязбаева

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале