9.08.2016, 10:34
Оқылды: 49

Медиатор – бүгінгінің биі іспеттес

Елімізде дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде 2011 жылдың  5 тамызда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы»  Заңы жария етілген болатын.  «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «бітімгер» деген мағына білдіреді. Бітімгершілік – қазаққа жат ұғым емес. Бұрын ұры-қарылар беделді ақсақалдардың шешімімен өз жазасын алып, екі жақ келісімге келіп отырған. Шетелде бұл тәжірибе баяғыдан қолданылып келеді. Мысалы, АҚШ (95 пайыз) пен Британияда (87 пайыз) көптеген даулы істердің басым бөлігі сотқа жетпей, бітімгершілік жолмен шешіледі. Бұл тәсіл істі созбай, жүйке тоздырмай бітіруге көмектеседі.медиация

Аталмыш заң қабылданған жылдан бері 5 тамыз елімізде Медиация күні болып аталып өтілуде. Осыған орай 05 тамыз күні аудандық сот ғимаратында Медиация күні мерекесіне орналған«Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Ашық есік күніне аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілі, «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Таганиязов  пен БАҚ өкілдері және  Жаңақала ауылының кәсіпқой емес медиаторлары Өмірзақ Ақбасов пен Ғалия Егібаева қатысты. Акция барысында аудандық соттың төрағасы Асхат Ғапуов:

  • Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медияцияның қолданылу саласы болып табылады. Ал оны жүзеге асырушылар – медиаторлар.Медиаторлар кәсіпқой және кәсіпқой емес болып екі бөлінеді. Бүгінгі таңда кәсіпқой медиаторлар облыс орталығында болғанмен біздің ауданда жоқ. Бізде әр ауылдық округте 3, аудан орталығында 5 кәсіпқой емес медиаторлар қызмет атқарады. Бұл адамдар елге сыйлы, ортаға сөзі өтімді, көпті білетін, білімді адамдар. Бір сөзбен айтқандаМедиатор – бүгінгінің биі іспеттес,- деген аудандық сот төрағасы келесі кезекте акцияға жиналғандарға медиация туралы заңның жалпы ережесімен, медиаторлардың және медиацияны жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымдардың құқықтық жағдайы мен медиацияны жүргізу тәртібі туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

Одан әрі «Ашық есік» акциясына өздерін мазалаған сұрқтарына жауап іздей келеген  ауыл тұрғындарын қабылданды.  Көкейлерінде жүрген әртүрлі сауалдарын ортаға салып, ақыл-кеңес сұрай келген ауыл тұрғындарының сұрақтары неке бұзу, залал келтірілген мүлікке өтемақы өндіру және көптен даудамай болып жүрген күрделі жөндеуден өткен көпқабатты үйледің төлемі төңірегінде болды. Сот төрағасы мен медиаторлар әр тұрғынды мұқият тыңдап, заң тұрғысынан ақыл-кеңестерін берді.

Нұрғали Сағынғали

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале