6.10.2016, 16:41
Оқылды: 24

Мейірімге толы мерекелік дастархан

%d0%bc%d0%b5%d0%b9%d1%80%d0%bcШыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев ауданның егде кісілерін, ҰОС ардагерлері мен еңбек ардагерлерін, ауданның жасы үлкен қарияларын мерекелік дастарханға жинады. Жалпы, егде жандар күніне орайластырылып, үлкендерге қамқорлық көрсету айлығы аясында оздырылған бұл шараға ауылдық округтерден, аудан орталығынан ұзын-саны 120 адам шақырылды. Отырысты ашып берген аудан әкімі Альберт Есалиев жасампаз бүгініміздің кешегі бастауы болған, ел үшін ұзақ жылдар табанды, жемісті еңбек еткен аға буынның еліміздің дамуына қосқан үлесі, ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесі біз үшін аса қымбат және өмірімізге үлгі болмақ. Елбасымыздың саясаты, дана бастамалары мен қойып отырған талаптары үлкенді құрметтеу, жастарымызға үлгі ету және оларға қамқорлық таныту, Сізердің өмір жолыңыз, еңбектеріңіз және еңбекке деген айрықша ықыласыңызды насихаттай отырып, жаңа буын жас ұрпақты тәрбиелеп алуымыз қажет дей келе, әрбір қарияға отбасы бақыты, немерелер қызығы және заман тыныштығын тіледі. Бұл ізгі тілекке аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Сәмиев, аудандық мәслихат хатшысы Галина Волкогон де қосылды. Мереке мен сол мерекеге орай көрсетіліп отырған осынау ықыласқа соншалықты разы пейілдерін ауданның «Құрметті азаматтары», 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары  Сүйеу Ығылманов пен Андрей Рудь жеткізіп, ұйымдастырушы аудан әкімшілігіне және өзге де мекемелер ұжымдарына алғыс білдірді.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары М.Байғалиев, А.Қалиев, Б. Темірғалиев, Е.Бижанов өткен жылдардың жанға қымбат жақсы әндерін арнап, қария көңілдің көп естелігін көз алдыға әкелгендей, жан жадыратар бүгінгінің қуанышты әуендерін де орындап үлкендер отырысын әрлендіре түсті.

Қызылды-жасылды дүниенің көбін өткеріп, азын қалдырған аудан үлкендері өздеріне жасалған құрмет пен ықыласқа көңілдері толып, топтаса тілектерін арнап, алғыстарын білдіріп жатты.

Қаршыға Елемесов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале