24.10.2016, 11:30
Оқылды: 28

Мейірімділік тілесең, қайырымды бол!

????????????????????????????????????

   Дәстүрлі ізгілік айлығы аясындағы іс-шаралар Сырым ауданында жүйелі түрде жүзеге асуда. Cырым аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және қайырымдылық айлығы аясында аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі және «Қайсар» спортклубының ұйымдастыруымен ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар арасында дойбыдан жарыс оздырылды.


Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Алғабастық Сайлан Саят еншілесе, ІІ орын Бұлдыртылық Сатыбалды Нұржігітовке бұйырды, ал І орынды Жосалалық Мұрабек Хамидуллин қанжығасына байлады. Қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Шараның жалғасы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте өз жалғасын тапты. Мерейлі жыл аясында аудандық   «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы «Үйден қызмет көрсету» бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері, «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің және Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің мамандары «Алтын жүрек» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шара ұйымдастырды.

Мерекелік шараға әр ауылдық округтен ерекше қамқорлықты қажет ететін өнерпаздар қатысып, жиылған қауымға әдемі өнер кешін сыйлай білді.

Өнерпаздар дайындаған шарадан соң аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Арман Баяндықов қорытынды сөз сөйлеп, қайырымдылық концертінен түскен қаражатқа ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға, яғни, Алғабас ауылының тұрғыны Өтемұрат Бекаманға қысқы күртеше, Бұлдырты ауылының тұрғыны Талғатов Нұрсұлтанға қысқы аяқ киім табыстаса, Жетікөл ауылының тұрғыны Рахметолла Аңсарымға қаржылай көмек (қажетіне қарай) көрсетілетінін мәлімдеді. Барлық қатысушыларға тәтті толтырылған пакеттер үйлестірілді. Шараны «Ел және мұғалім» облыстық қоғамдық - педагогикалық газетінің бас директоры Ж.Галиев сөз сөйлеп қорытындылады.

Расында, шын мұқтаждың алғысынан асқан разылық жоқ. «Алтын жүректі» азаматтар қатары көбейіп, мұқтаж жандар азая берсін деп тілек білдіргіміз келеді.  Жақсылықта жарысайық, ағайын!

Үміт Жәңгірова

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале