29.07.2016, 14:29
Оқылды: 37

"Мектепке жол" акциясы

Қаратөбе ауданында - «Мектепке жол» акциясы

Жылдағыдай "Мектепке жол" акциясы 1- інші тамыздан бастау алмақ.


Бірақ ауданымызда жаны жомарт "атымтайлар" 1-інші тамызды күтпей, қайырымдылық істерін бастап та кетті. Соның бірі - Қазталов ауылының тұрғыны Жұмабек Сәлімгереев 6 баласы бар (5-і мектеп қабырғасында) Нұргүл Бекалованың отбасына 100 мың теңге ақшалай көмек қолын созды.

Тағы бір айта кетер жәйт, кешегі ораза айында ауыл имамы Жандосбек Құсайынов осы отбасыға азық-түліктен көмек берді. Жалғыз басты ана Нұргүл Бекалова мектепке қажетті оқу құралдарын, киім-кешектерін алған балаларымның қуанышын айтып, көмек қолын созған Жұмабек Сәлімгереевке және Қазталов ауылдық округі әкімдігінің маманы Әзілхан Зариповке алғысын білдірді.

Әсем БОЛАТ
Қазталов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале