10.08.2016, 12:15
Оқылды: 28

«Мектепке жол» - мейірімге жол сілтейді

Ауданымызда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатырған республикалық «Мектепке жол» қамқорлық акциясы 1 тамыздан бастап өз жұмысын бастаған болатын. Аудандық Білім бөлімімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын, көп балалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз және жетім балаларды міндетті жалпы біліммен қамту, балалардың мектепке келе алмай қалуының алдын алу мақсатында қамқорлық акциясын өз деңгейінде өткізудің кешенді жоспары жасақталып, аудан активінде таныстырылды. Аталған жоспар бойынша барлық білім беру мекемелеріне, ауылдық округ әкімдеріне және аудан мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды. Білім орындарында және қоғамдық жерлерде осы бағыттағы халықты қамқорлыққа, жанашырлыққа үндеген банерлер ілініп, буклеттер таратылды.Қаратөбе ауданында - «Мектепке жол» акциясы

Жергілікті атқарушы органдармен көмек қолдауға мұқтаж отбасылар мен балалар тізімі анықталып,  барлық аудан мектептеріне, сондай-ақ мекемелерге бекітіліп берілді. Бүгінде мектептер жұмыстарын бастап кетті, алғашқы нәтижелер де бар.  А.Тихоненко атындағы Лубен орта жалпы білім беретін мектебінің ұжымы 10 балаға 32800 теңгеге мектеп құралдарын, киім-кешектер алып берген.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале