21.09.2016, 10:09
Оқылды: 34

Мектептегі конференция

        Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Өз балаңа үлгі бол» XXI ғасырдың  қазақстандық ата-%d0%ba%d0%be%d0%bd%d1%84%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%bd%d1%86%d0%b8%d1%8f%d0%bc%d1%83%d1%85%d0%b8%d1%822аналары» атты     республикалық  конференциясы өтті.


ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астанадағы «Отбасылық тәрбие институты» ұйымдастырған шараға аудан орталығындағы Мұхит мектебінің бірінші сынып ұстаздары мен ата-аналары қатысты.
Конференцияда мектеп директоры Мираш Спортқызы сөз сөйлеп 12 жылдық білім беру бағытына тоқталды. Ал,  аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері Айдана Төлегенова қатысып құттықтау сөз сөйледі.  Сонан соң Мұхит атындағы ЖОББ мектебінің психологы Гүлжихан Қобланова  бірінші сынып оқушыларының  ата-аналарына психологиялық көмек көрсету бағытында көптеген 12 жылдық білім берудегі ерекшеліктер мен баланың бойындағы өзгешеліктер туралы түсіндірді.

Жиналғандарға  тақырыпқа байланысты слайдтар мен бейнетаспа  көрсетілді.   Мектеп табалдырығын аттаған балғын бүлдіршіндердің мектепке деген бейімі, ата-ананың жаңартылған білімге деген көзқарасы және педагогикалық-психологиялық жағынан ахуалы сөз болды.

Қорыта айтқанда ата-ана, мектеп, ұстаз болып  байланыста болса, білім алушы бүлдіршінде ұстазына деген сенімі, қызығушылығы одан бетер артар еді.

Тоты Есқайырова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале