25.08.2016, 17:49
Оқылды: 23

Мектептер жаңа оқу жылына дайын ба?

ZH-350x35025 тамыз күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен жаңа 2016-2017 оқу жылына әзірлік жұмыстары барысы  жөнінде аудан әкімдігінің  отырысы өтті.

Аудан әкімдігінде сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин,- мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын, білім нысандарының қыс уақытында жылусыз қалып қоймау мақсатында    жылыту қазандықтарындағы мәселелерге де тоқталып өтті.

Сонымен қатар әкімдікте  білім нысандарының санитарлық тазалығы,   мектеп оқушыларын  тасымалдайтын көліктің жөнделуіне қажетті қосалқы бөлшектердің керектігі жөнінде де сөз болды.

Сондай-ақ әкімдікте аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,-  кейбір ауыл мектептерінің қазандықтарды қалыпқа келтіру үшін тиісті қаражат керек екенін, күрделі жөндеу жұмыстарының ішінде жылыту жүйелері де бірге қамтылу керектігін айтып өтіп, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорларына құлақ қағыс етті.

Әкімдікте Қазталов орта мектебінің директоры Әлия Жақсыбаева және Жаңажол орта мектебінің директоры А. Ризуанов оқу жылына даярлықтары туралы хабарлама жасады.

Жиын соңында аудан әкімі тарапынан ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорларына алдағы жаңа оқу жылына қатысты дайындықты пысықтау үшін бірқатар тапсырмалар беріліп, нақтылы міндеттер жүктелді.

Әсем Болат

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале