16.11.2016, 15:36
Оқылды: 11

Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру

%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96%d0%ba-%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%82-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-2       16 қараша күні С.Жақсығұлов атындағы орта мектепте дәл осындай тақырыппен семинар-кеңес өтіп, оған аудандық білім бөлімінің басшысы А.Нарымбаев, халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Н.Құрмышева, аудан және ауылдық округ ұстаздары қатысты.

Басқосу барысында  білім саласының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты  жөнінде слайд көрсетілді. Мұнан соң Н.Құрмышева халыққа қызмет көрсету орталығында бүгінде көптеген мемлекеттік қызметтер көрсетіліп жатырғанын айтты. Сондай-ақ қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің көбісі «egov»  порталы арқылы жүргізілетінін, мектепке дейінгі балаларды есепке қою мемлекеттік қызметі бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына барып электрондық цифрлық қолтаңба алғаннан кейін «egov»порталы арқылы есепке қойылатынын және сол арқылы кез-келген уақытта әрбір ата-ана баласының кезегін қарап отыруға болатынын баяндап берді.

Сонымен қатар семинар-кеңеске қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойып, маман жауабын алды.

Е.Елекенов

Тасқала ауданы

         www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале