17.11.2016, 11:44
Оқылды: 38

«Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру»

????????????????????????????????????

    Тасқала ауданында дәл осындай тақырыппен семинар-кеңес өтіп, оған аудандық білім бөлімінің басшысы А.Нарымбаев, халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Н.Құрмышыва мен аудан және ауылдық округ ұстаздары қатысты.


         Басқосу барысында  білім саласының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты  жөнін де слайд көрсетілді. Мұнан соң Н.Құрмышыва халыққа қызмет көрсету орталығында бүгінде көптеген мемлекеттік қызметтер көрсетіл жатырғанын айтты. Сондай-ақ қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің көбісі «egov»  порталы арқылы жүргізіліп жатқанын және мектепке дейінгі балаларды есепке қою мемлекеттік қызметі бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына барып электрондық цифрлық қолтаңба алғаннан кейін «egov»порталы арқылы есептке қойылатынын және сол арқылы кез-келген уақытта әрбір ата-ана баласының нешінші орында  тұрғанын қарап отыруға болатынын баяндап берді.

         Сонымен қатар семинар-кеңеске қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойып, маман жауабын алды.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале