22.11.2016, 10:47
Оқылды: 31

Мерген – КТА сахнасында

            Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, танымал әзіл майталманы Тұрсынбек Қабатовтың жетекшілік етуімен басталған «Көңілді тапқырлар алаңы» сайысының республикалық сайысының қызған сәті. Осы ойынға Батыс Қазақстан облысының атынан «24 сағат» командасы қатысып, жартылай финал ойындарына жолдама алған болатын.

Аталмыш ойынға сол командамен бірге Қаратөбе колледжінің                 «Газэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының ІІ курс студенті Мерген Мұхамедияров қатысқан болатын. Жеке кәсіпкер Мереке Меңжановтың ұйымдастыруымен Сырым ауданында өткен «Молмұздақ супер кубогі» ойындарында Қаратөбе колледжі құрамасы бас жүлдені жеңіп алды. Осы ойында үздік ойын өрнегін көрсетіп, көрерменнің мол ықыласын иеленіп және «24 сағат» КТА командасының назарына іліккен Мерген Астана қаласына жолдама алды.

Астана қаласында өткен көңілді тапқырлар алаңында әдемі әзіл, қағытпа қалжың сыйлап, үздік ойын көрсетті. Ойыннан кейінгі ұйымдастырылған жиында Тұрсынбек Қабатовтың ықыласына бөленіп, «КТА үздігі» кубогымен марапатталды.

Талапты жас Мерген Мұхамедияров осындай үлкен көлемде оздырылып жатырған әзіл ойындарына аяқ басуына қолдау көрсеткен жетекшісі Асыланбек Жанболатұлына және өнеріне сенім білдіріп, қолдау көрсеткен Қаратөбе колледжінің директоры Мәулен Аманшаұлына алғысы шексіз.

 

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале