20.10.2016, 11:25
Оқылды: 14

Модельді кітапханалар оқырмандарын күтеді

%d0%bc%d0%be%d0%b4%d0%b5%d0%bb%d1%8c%d0%bd%d0%b0%d1%8f-%d0%b1%d0%b8%d0%b1%d0%bb%d0%b8%d0%be%d1%82%d0%b5%d0%ba%d0%b01              Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қамысты және Тау ауылдық округтеріндегі кітапханалар заман талабына сай жаңарып, «ауылдық модельді кітапханаға» айналды. Рухани ошақтар интернет желісі қосылған компьютерлермен жасақталып, электронды ақпараттар қорын қалыптастыруға мүмкіндік туды. Кітапханалар жаңа жиһаздармен де толықтырылып, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалды.

Қос ауылдағы модельді кітапханалардың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев құттықтау сөз сөйлеп, ауыл қарияларымен бірге лента қию рәсімін жасады. Жас ақын Оралбек Ысқақ ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, жыр шумақтары арқылы лебізін білдірді. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Роза Исатаева жаңа үлгідегі рухани ошаққа келуші оқырмандардың саны артатынына сенім білдіріп, «ауылдық модельді кітапхананың» сертификаты мен естелік сыйлықтарды Қамысты және Тау ауылдық кітапханаларының меңгерушілеріне салтанатты түрде табыс етті.

Мұнан соң келушілерге есігін айқара ашқан жаңа модельді кітапханаларда іс-шаралар жалғасын тапты. Кітап көрмесі көпшілікке таныстырылған соң семинар оздырылып, онда кітапхана қызметкерлері баяндамалар оқыды. «Шахмат – ми гимнастикасы», «Өз мамандығының майталманы» атты ойындар ұйымдастырылып, кітапхананың жас оқырмандары «Қуыршақтар қойылымын» көрермендердің назарына ұсынды.

Д.Зеннат

                            www.zhaikpress.kz                      

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале