31.08.2016, 16:58
Оқылды: 22

Музейдегі құқықтық сабақ

IMG_1066Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға – қоғамның күш-жігері» атты кезекті құқықтық оқу өтті. Бұл шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық кітапхана ұжымы, тұрғындар қатысты. Аудан әкімі аппаратының заңгері Айсара Мақсотқызы аталған тақырыпта баяндама жасады. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мәдениетін қалыптастыру жайында кеңінен тоқталды.

Музей директоры Аян Жұмағалиев сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған жаңа заңның талаптарына тоқталып, сол кеселге жаппай қарсы шығу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, яғни құқықтық оқу жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор екенін айтып өтті. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктірмейінше, қайсыбір қырсыққа да қарсы шығу қиын. Аталған дертті тоқтатудың барлық амалын қолдану арқылы ғана тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады. Дәріс осындай толғамдармен қорытындыланды.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале