27.07.2016, 12:31
Оқылды: 24

Мүгедектер қоғамнан  тыс қалмасын десек...

Мүгедектер қоғамнан тыс қалмасын десек...Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары  Қалияр Айтмұхамбетовтың  жетекшілігімен өткен жиында мүгедек жандардың  әлеуметтік жағдайлары, олардың жұмысқа  орналастыру  мәселелері кеңінен талқыланып, мекеме-ұжымдарда олардың жүріп-тұруына бар жағдай жасалу шаралары туралы тыңдалды.   


Жиында  мүгедек жандармен атқарылған жұмыстары  жөнінде «БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ Шыңғырлау аудандық филиалының  төрағасы  Тлекші Киреев баяндап берген болатын.

Мәліметтерге көз жүгіртсек, Шыңғырлау ауданында 427 мүгедек тіркелген, соның ішінде, жұмысқа жарамды мүгедектер есебі – 279. Ал жұмыс істейтін мүгедектер – 83 адам,  оның ішінде жеке кәсіппен  айналысатыны – 3, шаруа қожалығы бар – 3.

Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы  биыл 13 адам жұмысқа, екеуі оқуға,  үшеуі  қоғамдық жұмысқа орналастырылған.  Ал тағы екеуі тұрақты жұмыспен қамтылыпты.

Айсұлу Амангелдіқызы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале