24.08.2016, 12:08
Оқылды: 15

Мүгедектер құқығын қорғау –азаматтық парыз

ZH-350x350        Бөкей Ордасы ауданында 57 мүгедек (6-ауы ІІ топ, 51-і ІІІ топ)  түрлі салада жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы мүмкіндіктері шектеулі жандардың құқықтарының қорғалу заңдылығына тексеру жүргізген аудандық прокуратура бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. ҚР Еңбек кодексінің 102 бабы бойынша мүгедектердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосымша күн есептелуі тиіс болса, бұл көп жерде орындала бермейді екен. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 89 бабы негізінде І және ІІ топтардағыларға ұзақтығы кемінде күнтізбелік 6 күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы берілетінін еске саламыз. Кемшіліктердің қайталанбауы үшін мекеме басшылары бұл мәселені жіті қадағалап, басты назарда ұстаулары қажет. Өйткені, мүгедектердің құқығын қорғауға белсене атсалысу  әр пенденің азаматтық парызы.

 

Е. Сержанов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале