7.09.2016, 10:35
Оқылды: 22

Мүмкіндігі шектеулілердің жанын жадыратқан шара

DSC_0167Ақжайық ауданының орталығы-Чапаевта жылдағы дәстүрге сай, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты шығармашылық фестиваль өтті.

Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова қатысушыларды құттықтады. «Бүгінгі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қамқорлығымен мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұған жүздеген мысал келтіруге болады. Біздің ауданда 1351 осындай жан бар. Солардың ішінде жұмысқа жарамдыларының еңбек өнегесін көрсетуі қуанышты-ақ. Эксклюзивті білім беру саласы да дамып келе жатыр. Ал бүгінгідей  фестиваль жүйелі ұйымдастырылып, бойында шығармашылық ұшқыны барларға жігер сыйлап келеді. Сіздерді бүгінгі дәстүрлі шараның өтуімен аудан әкімінің атынан шын жүректен құттықтаймын. Ұмтылыстарыңызға, ниеттеріңізге сәттілік тілеймін!»,-деді ол.

Ақын Сағынтай Бисенғалиев қатысушыларға арнап жырдан шашу шашты.DSC_0147

Әдеттегідей, олар түрлі аталымдары бойынша өнер көрсетті. Бірінші орынды«Үздік орындаушы» аталымында «Қазақстан»  әнін керемет әуелеткен 18 жасқа дейінгілер арасында ақжолдық Ерасыл Сәндібек, одан жоғары жастағылар арасында жаңабұлақтық Азамат Жәрдемов еншіледі. Қолөнерден «Үздік жасампаз» аталымы бойынша бірінші орынды домбыра жасап,түрлі тақырыпта суреттер салған жас шебер Аңсар Беріков алды. Сондай-ақ өз шығармашылығы, яғни өлең оқудан «Көркемсөз» бойынша алмалылық Анель Сағынғалиева, «Үздік би» аталымы бойынша ақсуаттық Меңдігүл Рахметтолина ерекшеленді

DSC_0111Жақсы іске қашанда жанашыр жандар көп. Бұл шараға «ҚазТрансАймақ» АҚ Ақжайық газ шаруашылығының директоры Айболат Әнесов, «Асылгүл» шаруа қожалығының жетекшісі Құрманғазы Жақсыбаев, жеке кәсіпкер Нұржамал Қайырова, «Ақжайық» сауда үйінің меңгерушісі Светлана Ереева демеушілік көрсетті. Қатысушыларға «орамал тон болмайды, жол болады»деген ырыммен естеліктер сыйлықтармен қатар ақшалай сыйлықтар табысталды.

Бек Сүйініш

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале