20.10.2016, 13:30
Оқылды: 216

Мұхит баба кесенесіне зиярат етті

%d0%bc%d1%83%d1%85%d0%b8%d1%82-%d0%ba%d0%b5%d1%81%d0%b5%d0%bd%d0%b51Баба тойы шеңберінде Қаратөбе ауданы Саралжын ауылдық округі Ақбақай қорымына ат басын бұрған бір топ меймандар Мұхит баба кесенесіне зиярат етті.


Олардың қатарында Түркістан қаласынан арнайы келген ҚР Халық әртісі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек Бекбосын, Ақтөбе қаласынан келген «Мәдениет майталманы» белгісінің иегері, әнші-термеші Хайдар Өтеғалиев, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын, әнші Қатимолла Бердіғалиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР мәдениет қайраткері, облыстық «Мұхит» қоғамдық қорының директоры Сағадат Рахметжанов, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Серік Әбдірахманов, Мұхит әндерін орындаушы-әншілер болды.

Осыдан тура он жыл бұрын Мұхит туып-өскен, әрі дүниеден озған Ақбақай көлінің етегінде баба рухына Маңғыстаудың мәрмәр тасынан келісті кесене тұрғы­зылды.

Ақ шаңқан кесененің орнатылуына Батыс Қазақстан об­лыстық тілдерді дамыту басқар­масы (сол кездегі бастығы Шолпан Қыдыр­ниязова) мен облыстық «Мұхит» қоғамдық қоры (директоры Сағадат Рах­метжанов) мұрындық болған болатын-ды.

Сәулетшілердің айтуынша, Ақтаудың әк тасынан тұрғызылған кесене табиғаттың кез келген тылсым күштеріне, әсіресе жауын мен дауылға дес бермей, уақыт өткен сайын ғасырлар сынына төтеп бере алатын күйде көрінеді.

Ақбақайдағы тағзым ету шарасында Қаратөбе аудандық мешітінің бас имамы Әділжан Бекқазиев баба рухына арнап, дұға бағыштады.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале