11.08.2016, 11:10
Оқылды: 36

Мұхит ұрпақтары ұсынған кеш

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінің фойесінде ҚР Тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған «Округ кітапханалары күні» жобасы аясында Саралжын ауылдық округі кітапханасының «Ауылымалтын бесігім» атты шарасы өтті.


Мәдени шараны бастап сөз сөйлеген Саралжын ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Есқабыл Сафин жиналған кеш қонақтарына қош келдіңіз айтып, Мұхит ауылының тамыры тереңге кеткен  тарихымен таныса отыруларына шақырды.

Кеш барысында «Ауылға арнау» атты оқырмандар шеруінде жас оқырмандар туған жерге арналған жалынды жырлар оқыса, ауыл әншісі Азат Кереев «Ауылым – әнім» әнін гитарамен орындап берді.ауылым-әнім

Үш жүзге ән оздырған дарынды дала бұлбұлы, дүлдүл әнші Мұхит Мерәліұлының өмірінен сыр шертер шағын сахналық көрініс қойылып, ұлы тұлғаның өнері мен әндері насихатталды.

Аталған шара соңында ауыл кітапханашысы Таңсәуле Айталиева «Туған жерім – қазынам» атты кітап көрмесіне шолу жасап, өңірден шыққан айтулы тұлғалар Бақытжан Қаратаев, Қажым Жұмалиев, Талап Таймасұлы, Жаңабек Жақсығалиев, Мерлан Досболаев, Артур Үмбетқалиевтер туралы айтып өтті.

 

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале