11.10.2016, 16:02
Оқылды: 59

Мәдениет үйі жөндеуден өтті

%d0%b4%d0%be%d0%bc-%d0%ba%d1%83%d0%bb%d1%8c%d1%82%d1%83%d1%80%d1%8b-%d0%bf%d0%be%d1%81%d0%bb%d0%b5-%d1%80%d0%b5%d0%bc%d0%be%d0%bd%d1%82%d0%b0  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында Тау ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары іргесі қаланып, содан бері жөндеу көрмеген ғимараттың жай-күйі ауыл халқының көз алдарында еді. Бұл мәдени ошақта уақытында қазақ өнерінің жарық жұлдыздары Роза Бағланова, сазгер Әсет Бейсеуов, Әлібек Дінішевтер ән шырқаған. «Символ» ЖШС-ның құрлысшылары мен Тау ауылынан 18 адам бірлесіп, азғана уақыт ішінде аталмыш ғимаратты жөндеу жұмысына атсалысқан. Сәулеті жарасқан ғимараттың ашылуына жиналған таулықтардың қуаныштарында шек жоқ. Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін дән риза. Мәдениет үйінің ашылу салтанатында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин және еңбек ардагері Төлебай Әзберген  жөндеуден өткен ғимараттың лентасын кесті.

- Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында елімізде игілікті істер толассыз жүзеге асып, өңіріміз күн санап дамуда.  Соның бір көрінісі ауылыңыздағы осы мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтуі. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қолдауының нәтижесінде аудандық мәслихаттың депутаты Есқайыр Елемесов жетекшілік ететін «Символ» ЖШС-ның құрлысшыларының еселі еңбегімен ауылдың мәдени ошағы заманауи талапқа сай күрделі жөндеуден өтті. Ендеше, бүгін ашылған осы ғимарат ауыл тұрғындарының игілігі үшін қызмет етсін. Қазақ өнерпаз халық. Өнерлі ұрпақтарымыз көп болғай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, мәдени шараларда бас қосуды жазсын. Мемлекетіміз гүлденіп, көркейе берсін. «Мәңгілік ел» идеясы аясында бірлігіміз бен тірлігіміз жарасып, амандық пен саулықта болайық,-деді аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы. Одан соң еңбек ардагері Төлебай Әзберген ауыл тұрғындары атынан жүрекжарды тілегін жолдап, өңір және аудан басшыларына алғысын білдірді. Жиылған қауым талапқа сай жөнделген ғимаратты аралап көріп, таңданыстарын жасырмады. Салтанатты шара Ақоба және Тау ауылының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

                                                                                            Ахмедияр Қуанұлы

         www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале