11.08.2016, 16:48
Оқылды: 26

Мәжіліс депутаттары Теректі ауданында болды

deputattarАуданға келген халық қалаулылары Ш.Өтемісов пен К.Абсатиров жұмыс сапарларының соңын қызу жұмысқа білек сыбана кіріскен  Приречный ауылының шаруаларымен кездесуімен аяқтады.


Алдымен олар  «Жұмағалиев» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысып, Тілек Жұмағалиев басқаратын қожалықтың  шабындықта жүрген комбайндарының әлеуетін қарады. Қос депутат сырттай көз тастап қана қоймай, комбайнның тізгіне өздері отырып, шаруа жұмысын бір  сәтке өне бойларынан өткізді.

Одан соң шаруалар сөз тізгінін алды. Олар ауыл ішінде байланыстың жоқтығын айтып, бір жапырақ қағазды жіберу үшін біраз қиналатындықтарын алға тартты. Расымен, бұл мәселе аталмыш ауылда өзекті болып саналады. Халқы тұрақты, өсімі бар ауылда байланыстың әлсіз болуы, соның кесірінен ғаламторға қосылу қиын екендігі айтылып келеді. Бірақ алға жылжу жоқ. Содан жер мәселесі қозғалды. Шаруалар жеке меншік жерлердің сатылуына мүлде қарсы екендіктерін бірауыздан айтты. Тіпті шет елдік инвесторларға жалға беру мәселесін де «екі шұқып, бір қарау» керек деді.

Ауданымызға арнайы келген депутаттар айтылған жағдаяттарды Үкіметке жеткізуге сөз берді.

 

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале