5.09.2016, 11:35
Оқылды: 27

МӘНІСІ ЗОР МАРАФОН

terekta marafonҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және салауатты өмір салтын насихаттау, көпшілік спортты жандандыру мақсатында республикамыздың барлық қиырында өткізілген жалпыхалықтық марафонға Теректі ауданы да өз үлестерін қосты.


Аудандық Мәдениет үйінің алаңқайына аудан басшысының орынбасарларынан бастап, бөлім басшылары, түрлі мекеме қызметкерлері, жастар мен мектеп оқушылары жиналды. Олар алдымен Әнұранымызды брлесе шырқап, көк Туымызға құрмет көрсетті. Одан соң аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов сөз алып, мәні мен пайдасы зор марафонға атсалысқан барлық аудан тұрғындарына алғысын білдірді.

Ұйымдастырушылар атынан сөз тізгінін алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Өтеғалиев марафонның бағытымен жиналғандарды таныстырды.

Мәдениет үйінен бастап Достық үйіне дейін жүгіріп өткен акцияға қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Мәреге жеткен қатысушылардың арасынан қарты да, жасы да табылып жатты. Акцияны қолдағандардың саны 100-ден асып жығылды.

Марафон соңында «Ардагер спортшы», «Жүйрік спортшы», «Ең жас спортшы» аталымдары  бойынша бірқатар қатысушылар марапатталды. Олардың қатарында А.Әжіғалиев, А.Төлегенова, М.Өтешов, тағы басқа  спортты жанына серік еткен жандар бар.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале