26.09.2016, 9:59
Оқылды: 23

«Мәңгілік ел – мәңгілік тіл»

%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d0%b8%d0%bb%d0%b8%d0%ba-%d1%82%d0%b8%d0%bb22 қыркүйек – Тілдер күні мерекесіне орай Әжібай ауылдық кітапханасында балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты мерекелік кеш өтті.  Кештің мақсаты – қазақ тілі мәртебесін көтеру, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілділік саясатын дамыту.

Шараға Бірік ауылдық округінің әкімі Бекқали Мусин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Тұяқ Жалмұқанов, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Дәулетова, аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева, ауыл ардагерлері, тіл мамандары,  кітапханашылар, мектеп оқушылары қатысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Үштұғырлы тіл туралы айтсам, мемлекеттік тілді бәрі меңгеру керек. Орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілінің бірі. Ағылшын тілі - әлемдік аренаға шығу жолы» деген болатын. Осыған орай мерекелік шара үш тілде жүргізілді.

Сонымен қатар Ақжайық, Жаңақала аудандары кітапханаларымен онлайн түрде мерекеге орай ұйымдастырылған шараларды тамашалап, өзара лебіздерін жеткізді.

Шара аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырған «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» тақырыбындағы пікірсайысқа ұласты.

Пікір алмасу барысында аудандық тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Тұяқ Жалмұқанов, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мирболат Мырзағалиев, ардагер-ұстаз Гүлбаршын Исмурзина, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ораш Малаев, аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева тіл туралы, қазақ тілінің тарихы жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Шара барысында сондай-ақ сұрақтар қойылып, интеллектуалдық ойын ойналып, әндер шырқалып, би де биленіп, оқушылар үш тілде өлеңдер де оқыды.

Мөлдір Әнуарбек

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале