8.08.2016, 10:03
Оқылды: 37

Есенсай ауылында найзағайдан 42 бас қой-ешкі қырылды

найзагай6 тамыз күні сағат 15.30 шамасында Ақжайық ауданының Есенсай ауылында найзағайдан 42 бас қой-ешкі қырылды. Жасын өріс төсіндегі ағашқа түскен. «Абырой болғанда, бақташы азамат аман, қазір дәрігерлердің бақылауында»,- дейді Есенсай әкімі Ғұмар Арыстанғалиев. Айта кетейік, өткен жылы дәл сол жерде, яғни Есенсайдан 1,5 шақырым, тоғай бағытындағы тұста мал бағып жүргенде, найзағайдан осы ауылдың 1959 жылы туған тұрғыны мерт болған-ды.

www.zhaikpress.kz

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале